Павлодарда білім бөлімдерінің басшылары жазаланды

Павлодарда білім бөлімдерінің басшылары жазаланды
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Павлодарда мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін білім бөлімдерінің басшылары жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар мен Аққұлы аудандарының білім бөлімдерінің басшылары мектептерді уақтылы күрделі жөндеуден өткізбегені үшін жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа жүгінді.

Сонымен бірге сотта олар жосықсыз жеткізушілерді жауапкершіліктен босатып, оларға артықшылық бере отырып, бітімгершілік келісімдер жасады.

Бұл үшін білім басқармасының бұйрықтарымен аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар қалалық соты жазаланған адамдардың талап қоюлары бойынша жұмыс берушінің актілерінің күшін жойды.

Алайда Павлодар қаласының прокуратурасы бұған келіспеді және облыстық сотқа шешімдердің күшін жою туралы өтінішхаттар енгізді.

Апелляциялық сатымен прокурорлардың өтінішхаттары қанағаттандырылды, талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешімдер шығарыла отырып, бірінші сатыдағы сот актілерінің күші жойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина