Павлодарда биік жардан екі бала құлап кетті

Павлодарда биік жардан екі бала құлап кетті
Фото: Tengrinews.kz

Павлодарда биік жардан екі бала құлап кетті. Жардың тереңдігі - 18-20 метр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі бала 23 тамызда сағат 13.40-та теміржол көпірінің маңында тік жардан құлап, өздігінен тұра алмағаны туралы хабарлама түскен. 

"Құтқарушылар дереу жедел құтқару автокөлігімен және өзен бойындағы су көлігімен жолға шықты. Альпинистік жабдықтың көмегімен екі баланы жоғарыға көтеріп, 103 қызметінің мамандарына тапсырды", - деп хабарлады департамент. 

Құтқару операциясына ведомствоның алты қызметкері қатысты.  

Құтқарушылар тұрғындарды балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады және су қоймасының маңында қараусыз қалдырмауды ескертті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан