Павлодарда бейіттер тоналып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл видеоны Павлодар тұрғындарының бірі түсірген. Кадрларда ер адам қабірлердің қоршаусыз қалғанын айтады.
Кадрлар Суворов зиратында түсірілген деген болжам бар.
"Олар шойын қоршауларды ұрлап жатыр. Тоқтар емес. Бұл металды біреу қабылдап жатыр", - делінген жазбаның сипаттамасында.
Полицейлер бұл дерек Павлодар қалалық ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады. Тексеру жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!