Павлодарда бес қабатты үйдің деңгейіне көтерілген жерасты субұрқағы атқылады

Павлодарда бес қабатты үйдің деңгейіне көтерілген жерасты субұрқағы атқылады
Фото: видеодан алынған кадр

Павлодарда бес қабатты үйдің деңгейіне көтерілген жерасты субұрқағы атқылады. Бригадалар ақауды жойып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Коммуналдық апат Дүйсенов көшесі, 12 мекенжайында болды.

Жер астынан атқылап шыққан су бес қабатты үйдің биіктігіне жетті.

"Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, судың температурасы 45 градустан аспайды. Ақау шыққан желіні жөндеуге алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЯБЛОЧКО ПАВЛОДАР (@yablochko_pv)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан