Павлодарда белгісіз адамдар банктің қабырғасын бұзып, тонамақ болған

Павлодарда белгісіз адамдар банктің қабырғасын бұзып, тонамақ болған
Фото: Коллаж: Pavlodarnews.kz, depositphotos.com

Павлодарда ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Естай, 40 мекенжайында орналасқан Halyk bank бөлімшесінде қабырға бұзылды деген хабарлама таралды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. 

"11 қарашада сағат 9:30-да полицияға банктердің бірінің филиалында қабырғаның бұзылғаны анықталды деген қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы келді", - деді департаментте.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина