Павлодарда № 79 балабақшада бүлдіршінге дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Тәрбиешінің бейнежазбада бүлдіршіндердің басынан нұқып жібергені түсірілген сәт әлеуметтік желіде тарады.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдеде № 79 балабақшаның орта топ ата-аналары басшының міндетін атқарушыға бейнебақылау камераларын қарау туралы өтінішпен жүгінген.
"Бейнежазбаны қарау барысында 26-27 маусымдағы жазбаларда түстен кейін тәрбиешінің дөрекілік танытқаны тіркелді. Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес аталған факті бойынша тәрбиеші жұмыстан шығарылды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, бөлімде барлық материалдар білім бөлімін уақтылы хабардар етпегені үшін құқық қорғау органдарына берілетінін хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз