- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда балаға дөрекілік...
Павлодарда балаға дөрекілік көрсеткен балабақшаның директоры жазаланды
Павлодар облысындағы балаға дөрекілік көрсеткен балабақшаның директоры жазаланды. Ол 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті "Самал" оңалту орталығында қызметтік тергеу жүргізді. Былтыр бірінші қыркүйекте болған жағдайды зерттеген еді. Аталған департамент басшысының орынбасары Гүлнар Үздембаеваның сөзінше, бұл орталықта кадр мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталды.
"Оқиға болған кезде тәрбиешінің көмекшісі еңбек демалысында болған әріптесін алмастырды. Кадр мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталды. Педагог кадрларды курстық даярлаудан және аттестаттаудан өту мерзімдері сақталмады", - деді Гүлнар Үздембаева.
Аталған бұзушылықтар үшін шағын орталық басшысына 10 АЕК – 34 500 теңге айыппұл салынды. Топ тәрбиешісі сотқа дейінгі тергеу кезінде жұмыстан шеттетілді.
Еске салайық, жуырда "Самал" оңалту орталығында балаларға дөрекілік көрсетіп жатыр деп ата-аналар шағымданған еді. Тәрбиешінің көмекшісін жұмыстан шығарды. Полиция ҚР ҚК-нің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан