- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда әйелді толстовкамен...
Павлодарда әйелді толстовкамен қылғындырып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды
Павлодарда ер адам саяжайда әйелді толстовкамен қылғындырып өлтірді. Оқиға "Строитель" саяжайында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық іс облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта кісі өлтіру және ұрлық фактісі (Қылмыстық кодекстің 99-б, 1-б, 188-б. 1-б.) бойынша қаралды.
Сот биылғы маусым айында сотталушы жанжал негізінде бір ай бұрын танысқан әйелдің толстовкасының жеңімен тұншықтырып өлтіргенін, бұдан кейін жалпы сомасы 74 500 теңгенің мүлкін ұрлап кеткенін анықтады.
"Прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші мемлекеттік айыптаушымен толық келісті. Сондай-ақ талаптарды қанағаттандыруды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, соттан қатаң жазаламауды өтінді", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Кісі өлтіру аса ауыр қылмыстар санатына жатады және мұндай қылмыс үшін заңда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген. Сотталушының кінәсі сотталушының өзінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.
Сот жеңілдететін мән-жайларды – кінәні мойындауын, сондай-ақ ауырлататын мән-жайларды – қылмыстардың қауіпті қайталануын ескере отырып, 11 жыл бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтейді. Сонымен бірге ер адам жәбірленушіге 5 000 000 теңге және сот талап арызды ресімдегені үшін 30 000 теңге шығынды төлеуі керек.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан