- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда әйелді қағып...
Павлодарда әйелді қағып кеткен көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр
Фото:
Көрнекі сурет
Павлодарда полицейлер жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды. Видео авторы әжесінің көлік апатына ұшырағанын мәлімдейді.
"28 тамыз күні сағат 12:55-те Баян батыр көшесінде әжемді жаяу жүргіншілер өткелінде қағып, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті", - дейді видео авторы.
Қалалық полиция департаменті әйелдің полицияға хабарласпағанын айтып, жол апаты фактісі тіркелгенін растады.
"Полиция жүргізушінің жеке басын анықтау шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы