- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда әйел зорлады...
Павлодарда әйел зорлады деген күдікті ұсталды
Павлодарда әскери жасақ әйелді зорлады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Баспасөз қызметі мәліметінше, Павлодарда "102" арнасына тұрғын хабарласып, зорлау дерегі туралы хабарлаған. Оның айтуынша, таныс ер адам еркінен тыс жыныстық қатынасқа тартқан.
16 маусымда сағат 22:30 шамасында хабарлама түскеннен кейін 5512 әскери бөлімінің әскери жасағы бірден күдіктіні іздеуге кіріскен. Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінің маңында күдіктіге ұқсас ер адам анықталған. Мән-жайды анықтау үшін күдікті №4 полиция бөліміне жеткізіліп, жәбірленуші ұсталған ер адамның жеке басын растады.
Дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Д. Шәріпхан