Павлодарда ТЖМ үшінші қабаттың терезесінен секірмек болған әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
112 пультіне Павлодарда Торайғыров көшесінде орналасқан үйлердің бірінде үшінші қабаттың терезесінен секірмек болған әйел туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыруға келген құтқарушылар арнайы жабдықты пневмо-секіру құрылғысын жедел орналастырды, осы уақытта басқа қызметкерлер төртінші қабатқа жедел көтерілді. Альпинистік жабдықтың көмегімен құтқарушылардың бірі үшінші қабатқа түсіп, оқиғаның алдын алды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!