Павлодарда әйел көпқабатты үйдің терезесінен екі баласын лақтырып, артынша өзі секіріп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы мәліметінше, 103 қызметіне шақыру 30 шілдеде сағат 13:00-де түскен.
"Сол маңнан өтіп бара жатқан адам Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел бесінші қабаттың терезесінен екі баланы лақтырып жіберіп, өзі де секіргенін хабарлады. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді", - деп түсіндірді өңірдің жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі өкілі.
Дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнына жеткен.
"Екі бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел ауыр жағдайда №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді", - деді ол.
Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкеневаның айтуынша, зардап шеккен балалар бір жарым және бес жаста.
"Оқиға кезінде зардап шеккендерден басқа пәтерде ешкім болмаған", - деп нақтылады Сәуле Шәкенева.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!