Павлодарда әйел дәмхананың қасында қызын ұрып-соққан

Павлодарда әйел дәмхананың қасында қызын ұрып-соққан
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Павлодарда әйел дәмхананың қасында қызын ұрып-соққан. Полицейлер оның кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова желідегі парақшасында дәмхананың жанында қызын ұрып-соққан әйел туралы айтты. Бұл оқиға жайлы оған куәгерлер айтып берген. Осыдан кейін Сәуле Шәкенова полицияға хабарласқан.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің бейнекамералар арқылы табылғанын хабарлады.

"Қызметкерлер дәмхананың бейнежазбаларын зерттеп, әйелдің кім екенін анықтады. Аталған фактілердің алдын алу жөнінде ата-анамен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ ювеналды полиция бұл отбасын бақылауға алды", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар әйел адамға қатысты материалдар қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан