Павлодарда автокөлік трамвай бағанына соғылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында М. Жүсіп көшесінде Лада-21703 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, трамвай бағаны мен металл қоршауға соғылды.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент.
Тексеру жүргізіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лес