Павлодарда автокөлік шұңқырға түсіп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңбырдың суы асфальт үстінде пайда болған шұңқырға ағып, салдарынан автокөлік шұңқырға түсіп кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, "Әсел" дүкенінің жанында, Гагарин көшесі, 38/1 көшесіндегі тұрғын үйдің маңында пайда болған шұңқырға автокөлік түсіп кеткен.
Тұрғын үй инспекциясында аталған учаскеге "Павлодар-Водоканал" ЖШС мамандары зерттеу жүргізуге шығатынын хабарлады. Себебі, кәріз жүйесі осы компанияға тиесілі болуы мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!