Павлодардағы Сәтбаев пен Толстой көшелерінің қиылысында шағын автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, болған оқиғаны куәгерлер суретке және видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялады. Өрт болғанын Павлодар облыстық ТЖД растады.
"№3 бағыт бойынша жүрген "Хундай-Каунти" шағын автобусының салоны толығымен жанып кетті. Сонымен қатар, қызыл жалын алдыңғы екі дөңгелек пен мотор бөлігін жалмады. Өрт таңғы сегізде басталып, он минуттың ішінде сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін 10 жолаушы өздігінен көліктен сыртқа шыққан", - деп хабарлады ТЖД.