- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда автобус екі...
Павлодарда автобус екі адамды қағып кетті
Фото:
Tengrinews.kz
Павлодарда автобус екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Малайсары батыр мен Российская көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы екі адамды қағып кеткен видоесы жарияланған болатын.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық бригада оқиға орнына тоғыз минут ішінде жеткен.
"Түрлі жарақаттармен 17 жастағы жасөспірім қызды облыстық балалар ауруханасына, ал 63 жастағы әйел № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді",– делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы