Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды

Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды

Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды. Жол апаты Назарбаев даңғылы бойындағы 34-үйдің ауласында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қаңтарда МАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі бұрылған кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, дегенмен сол жерде есін жимастан, көз жұмған. 

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!