- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайғылы оқиға
Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды
![Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды](/userdata/news/news_124527/image_l.jpg)
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Павлодарда аулада көлік қағып кеткен адам көз жұмды. Жол апаты Назарбаев даңғылы бойындағы 34-үйдің ауласында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қаңтарда МАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі бұрылған кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, дегенмен сол жерде есін жимастан, көз жұмған.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лес