Павлодар облысында ақша бопсалады деген күдікпен екі тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, олар әскери қызметшіден ақша бопсалады деген күдікке ілінген.
"Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер бірнеше ай бойы әскери қызметшіге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның қаражатын иемденген. Екі күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз