Павлодардың № 2 сотында абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
2024 жылғы наурыз айында Бұқар жырау көшесіндегі орналасқан пәтердің бірінде қала тұрғыны масаң күйде болып танысымен жанжалдасқан. Кейіннен айыпталушы ер адамның сол жақ жіліншігінен асхана пышағымен екі рет ұрған. Айыпталушының абайсыз кінәсінен жәбірленуші тамырлы жүйке шоғырының толық қиылысуындағы пышақ жарақатынан қайтыс болды.
Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, жиналған дәлелдемелерді дауламады, сондықтан іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Кінәні толық мойындауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіпте жүргізілді. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес ең жоғары мерзімнің жартысынан, яғни 6 жылдан аспауға тиіс.
"Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ер адамға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен тағайындады", - деп хабарлады Павлодардың № 2 сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!