Павлодарда әсерлі видео үшін жол ережесін өрескел бұзғандар жазаланды

Павлодарда әсерлі видео үшін жол ережесін өрескел бұзғандар жазаланды
Фото: Видео кадры

Павлодарда әлеуметтік желіге әсерлі видео түсіру мақсатында жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушылар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құқықбұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Кадрдан қозғалыс кезінде жолаушылар артқы есікті ашып, көлік салонынан сыртқа шыққаны көрінеді.

Мұндай әрекет олардың өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндірген.

Полиция қызметкерлері видеоны зерделеп, көлік жүргізушісін анықтады.

"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көліктегі жолаушыларға да тиісті шаралар қабылданды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget