- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда ас үй...
Павлодарда ас үй пышағымен танысын өлтірген ер адамға үкім шықты
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға қатысты адам өлтіру бойынша іс қаралды. Сотта айыпталушы қылмыстың жазасын өзертуді сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Мамырда Ақсу қаласы Набережная көшесіндегі пәтерде екі ер адам алкогольдік ішімдік ішкен. Таныстардың арасында жанжал шығып, біреуі масаң күйде болып, екіншісінің сол жақ кеуде тұсынан, жүрегіне ас үй пышағын сұққан. Ауыр жарақаттың салдарынан ол сол жерде көз жұмды.
Прокурор айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің әкесі прокурормен толықтай келісті.
Сотта айыпталушы өз әрекеттерін ауыр емес бапқа ауыстыруды, яғни жазаның ең төменгі мөлшерін тағайындауды сұрады.
"Сот ер адамның кінәсін мойындауын және алғашқы соттылығын ескеріп, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеумен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ айыпталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдік зиянды өтеу үшін 8 миллион теңге және материалдық шығын – 984 000 теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан