Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні Назарбаев даңғылы бойында келе жатқан "Волга" маркалы көлігінің жүргізушісі қауіпті жылдамдықты сақтамай, "Фольксваген Гольф" көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Содан кейін "Волга" көлігі қозғалысты жалғастырып, "Шевроле Кобальт" көлігін соққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Фольксваген Гольф" жүргізушісі мен "Шевроле Кобальт" жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.
Облыстық жедел жәрдем станциясына шақырту 20:22-де келіп түсті.
"Медициналық бригада бес минут ішінде жетті. Алты жасар қыз бен 34 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады станция.
Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс ашты. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!