- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодарда әдеп жөніндегі...
Павлодарда әдеп жөніндегі кеңесте кәсіпкерді ұрған әкімге қатаң сөгіс жариялау ұсынылды
Павлодарға қарасты ауылдың әкімі Сырым Рушановқа қатысты тәртіптік іс облыстық әдеп жөніндегі кеңесте талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Железин ауданының кәсіпкері ұрып-соқты деп Павлодар ауылының әкімі Сырым Рушановты айыптаған еді. Бұл оқиғаның соңы сотпен аяқталды. Нәтижесінде ауыл әкіміне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сотта екі жақ татуласып, әкімшілік іс тоқтатылған еді.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бұл жағдайды зерттеген.
"Факт тіркелген. Сырым Рушанов өзінің жасаған әрекеттерімен мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің нормасын бұзды", - деп хабарлады әдеп жөніндегі кеңес.
Әдеп жөніндегі уәкіл әкімге қатаң сөгіс жариялауды ұсынды.
Еске салайық, Павлодарға қарасты Павлодар ауылының әкімі Сырым Рушанов өзге ауданда тұратын бір кәсіпкерді соққыға жыққан. Оқиға Кереку мейрамханаларының бірінде болған. Той аяқталар сәтте әкім мен кәсіпкер дәретхананың ішінде сөзге келіп қалады. Сол жерде қарсыласынан жас әрі ұзақ жыл құқық қорғау саласында қызмет атқарған шенеунік Айтуған Бекмұхамбетовті ұрып тастайды.
"Ол жерде мен тойдың шырқын бұзғым келмей ешкімге шағымданбадым. Ауылға қайтып бара жатқанда жағдайым нашарлап ауырдым. Сосын Железин аудандық ауруханасына бардым. Олар сол жерде полиция шақыртты. Полицияға мен бәрін айтып бердім", - дедді жәбірленуші Айтуған Бекмұхамбетов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан