Павлодарда бюджет қаражаты су болып ағып жатыр. Қалалық әкімдік 53 миллион теңге жұмсап, салып жатқан мұз қалашық еріп кетті. Кеше ауа темпратурасы +3 градусты көрсетіп, жер көк көлшікке айналған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өткенде ғана қала әкімі Хасар Хабылбеков 52 миллион теңгеге шырша сатып алып, тағы 53 миллион теңгеге мұз қалашық салатындарын жария еткенде өңірдегі зиялы қауымның бір тобы наразылықтарын білдірген. Олар, қаңтар айында температура күрт жылынып, ақша шығын болатынын айтқан еді.
Айтқандай-ақ, жаңа жылға жетпестен мұз қалашық суға айналды. Мұздан жасалған түрлі ертегі кейіпкерлері де су болып ағып жатыр.
"Өңірде қыс ерекше жылы, жаңбырлы боларын бүкіл ел естіді. Бірақ бірде-бір адам қой демеді. Депутаттар, сіздер сайлаушыларға не дейсіздер енді? Шана бар, сырғанақ жоқ. Сауал салар шама бар ма?!"- деп жазады әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Журналистер одағы ПОФ директоры Болат Аманбаев.
Е.Базарқұл
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!