Павлодарлық Василий Абадовский орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Мәдина Молдакелдинованың көмегімен алғаш рет туу туралы куәлігін алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, 1987 жылы туған Василий Абадовский Павлодар қалалық балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығы базасында жұмыс істейтін "Бақытты отбасы" орталығына жүгінген.
"Василийдің азаматтығы жоқ, өмірлік қиын жағдайға тап болған және оған көмек қажет болды. Сондықтан ол балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығына жүгінді", - деді орталықтағылар.
Бүгінгі таңда азаматтықты анықтау және жеке куәлікті ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!