Павлодарда 34 млн теңгеден аса қарызы бар көлік тоқтатылды

Павлодарда 34 млн теңгеден аса қарызы бар көлік тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері прокуратура және сот орындаушыларымен бірлесіп, "Борышкер" профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр.

"Іс-шара барысында Cadillac Escalade тоқтатылды. Тексеріс барысында бұл көлікке иелік ететін ұйымның 34 миллион теңгеден аса қарызы бары анықталды. Жеке сот орындаушысының қаулысы негізінде көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Жандос Мейрамғазы. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз