Павлодарда 30 бас жылқы жанып кете жаздады

Павлодарда 30 бас жылқы жанып кете жаздады
Фото: Коллаж: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов, depositphotos.com

Павлодарда 30 бас жылқы жанып кете жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Өртсөндірушілердің үйлесімді, жедел әрекеттерінің нәтижесінде оқыс жағдайға жол берілмеді. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шығыс өнеркәсіп аумағында база жанған. 

"Шаруа қожалығының аумағында мал ұстауға арналған бір қабатты ғимаратта, жалпы ауданы 30 шаршы метр жерде жиһаз бен заттар жанған", - дейді ТЖД өкілдері.

Өртсөндірушілер 30 бас жылқыны құтқарып қалды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында үй өртеніп, екі бала қаза тапқаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова