Павлодарда VITA отрядының еріктілері 25 жастағы жергілікті тұрғын Әсем Тайлақованы екінші күн қатарынан іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Еріктілердің айтуынша, қыз 5 шілдеде үйінен шығып кеткен. Осының алдында ол туысқанына телефон арқылы суға батып кететінін айтып смс жолдаған. Содан бері қызды ешкім көрмеген, ол жұмысқа да шықпаған, үйіне де оралмаған.
VITA командасының айтуынша, павлодарлық әйелдің жоғалғаны туралы күйеуі хабарлаған. Қазір жастар ажырасу сатысында екені белгілі. Ерлі-зайыптының екі кішкентай баласы бар.
"Бүгін іздестіріу барысында бейнебақылау камерасындағы жазбаны көрдік, онда әйел түсіп қалған. Ол Жаяу Мұса көшесі бойындағы үйдің кіреберісінен шығып, мини-маркеттен өтіп, облыстық балалар ауруханасына қарай бет алған", - дейді еріктілер.
Қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндерден полицияға немесе іздеушілерге хабарласу сұралды. Жоғалған қыздың ерекше белгісі ретінде мұрында меңі бары айтылған. Павлодарлық әйел қызыл жейде мен қара шалбар киген, қолында кішкентай қоңыр сөмкені және, мүмкін, пакетті бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!