Павлодарда 2 мыңнан аса мұғалімнің жеке дерегі желіде тарап кеткен

Павлодарда 2 мыңнан аса мұғалімнің жеке дерегі желіде тарап кеткен
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Павлодарда 2 мыңнан аса мұғалімнің жеке дерегі желіде тарап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңір прокуратурасы мәліметінше, облыс орталығындағы мектептер мемлекеттік сатып алу порталында медициналық тексеріс қызметін сатып алу туралы хабарландыру жариялаған.

"28 білім беру ұйымы конкурс құжатында өз қызметкерлерінің жеке дерегін, соның ішінде тұрғылықты мекенжайын, байланыс нөмірлерін жариялаған", - деп жазылған хабарламада.

Павлодар қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2 065 адамның жеке дерегі ашық дереккөзден жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget