Павлодарда 18 жастағы қыз төртінші қабаттан құлап кетті: оның жағдайы ауыр
Фото:
Tengrinews.kz
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 14 наурызда сағат 13:04-те Дүйсенов мекенжайындағы тұрғын үйдің төртінші қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Медициналық бригада төрт минуттың ішінде жетті.
№1 қалалық ауруханада қыздың жағдайы ауыр екенін хабарлады.
"Зардап шеккен қыз реанимацияға жатқызылды. Оның жамбас сүйектері сынған және басқа да ауыр жарақаттар алған", - деп хабарлады ауруханада.
Оған сыртқы бекіту аппараты орнатылды. Алдағы уақытта дәрігерлер ота жасауға қатысты шешім қабылайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан