Павлодар полицейлері жоғалған 11 азаматты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, Павлодар облысының тұрғындары күн сайын адам іздестіру дерегі бойынша жүгінеді екен.
"2022 жылы азаматтардың хабар-ошарсыз кету фактілері бойынша 62 іздестіру ісі жүргізілді. Жоғалған адамдардың 51-і табылды. Сонымен қатар, із-түзсіз жоғалған төрт кәмелетке толмағанды іздестіру жарияланды. Олар қабылданған шаралармен іздестіріліп, заңды өкілдеріне қайтарылды", - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балтабай Қапаров.
Мысалы, биыл 18 қарашада Павлодар қаласындағы білім беру мекемесінен шығып, туыстарымен байланысын тоқтатқан қызын табу туралы анасы полицияға жүгінген. 17 жастағы жасөспірім 22 қарашада табылды.
Айта кетейік, әзірге 11 азамат әлі табылмаған. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!