Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды. Оны еріктілер анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, іздеу шаралары барысында Анна Воронцованы туыстары мен еріктілер тауып алған.
"Ол дін аман", - дейді еріктілер.
Еске салайық, әйел адам 14 қарашада Нұркин көшесінен болжам бойынша сапаржай аумағына шығып кеткен. Содан бері байланысқа шықпаған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!