Павлодар тұрғыны төбелестен кейін қайтыс болды

Павлодар тұрғыны төбелестен кейін қайтыс болды
Фото: https://pavlodarnews.kz/pavlodarli%D2%9B-t%D3%A9belesten-key%D1%96n-%D2%9Baytis-boldi

Павлодар тұрғыны төбелестен кейін қайтыс болды. Жас жігітті соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғынының өлімін полицейлер тергеп жатыр.

"Павлодарлықтың өліміне әкеп соққан, түнгі клубтардың бірінің жанында болған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығы.

Жедел медициналық қызметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыру 11 тамыз күні сағат 04:48-де түскен. Келген дәрігерлер соққыға жығылған жігіттің қайтыс болғанын растады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан