Павлодар тұрғыны қонақтарының қолынан қаза тапты

Павлодарлық тұрғын қонақтарының қолынан қаза тапты. Оның көңілдесі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен әйел адам үйлеріне қонақ шақырған. Кейін отырыс жанжалға айналған. Екі қонаққа келген адам үй иелерімен ұрысып, төбелесті бастаған.

Айқай-шу салдарынан ер адам ауруханаға түсті. Ал әйел адам алған соққыдан қайтыс болды.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз", - деп хабарлады полиция департаменті.
 

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!