- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар тұрғыны астаналықтарға...
Павлодар тұрғыны астаналықтарға жоқ жиһазды сатып отырған
Астанада полиция тұрақты түрде алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген Павлодар тұрғынын ұстады. Әйел жоқ жиһазды сатып отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Павлодарлық тұрғын сатып алушыларға алдын ала төлем аудартып отырған.
"Павлодар тұрғыны жоқ жиһаздарды сату бойынша "бизнес" ұйымдастырды. 30 жастағы қыз сайтта арзан тұрмыстық заттарды сату туралы хабарландырулар орналастырды. Ол ниет білдірушілерге мобильді банкинг арқылы 5-тен 30 мың теңгеге дейінгі шағын алдын ала төлемді аударуды ұсынды. Бүгінде полицияға онға жуық алданған азамат жүгініп, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Полицейлер азаматтардан қырағы болуды, сақ болуды, өздерінің жеке және банктік деректерін, сондай-ақ SMS-хабарламалардың мазмұнын бермеуді сұрайды.
"Күмәнді сатушылардан тауарлар мен қызметтерді сатып алмаңыз, әлеуметтік медиа мен мессенджерлерде екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз. Есіңізде болсын, сіздің жеке жинақтарыңыз бен жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі сіздің қолыңызда", - деді полиция қызметкерлері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә