- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар тұрғыны алаяқ...
Павлодар тұрғыны алаяқ қоңырауынан кейін 12 миллион теңге жоғалтты
Павлодар тұрғыны алаяқтың жеңіл табысы туралы әңгімесіне сеніп, 12 миллион теңге жоғалтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
53 жастағы қала тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арыз берді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оған қоңырау шалып, өзін танымал компаниялардың бірінің менеджері ретінде таныстырды.
Қаскүнем өзін инвестиция саласындағы кеңесші ретінде таныстырып, қор нарығындағы тиімді ұсыныстар туралы айтты. Кейін ол жоғары қосымша табыс алу үшін ақша аударуды ұсынды.
Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген ер адам алаяққа несиеге алған 12 миллион теңгеден аса ақша аударған. Алайда инвестициясын алмақ болғанда, компания менеджері биржаның жабылғанын айтты.
Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу басталды. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек