- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар тұрғыны адам...
Павлодар тұрғыны адам өлтіріп, денесін көлге батырып жіберген
Павлодар тұрғыны адам өлтіріп, денесін көлге батырып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Екі адамның арасындағы жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталды.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, Б.-ға қатысты К.-ны өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралған.
"2009 жылғы 6 шілдедде масаң күйде болған Б. жанжал салдарынан К.-ны тұншықтырып өлтіріп, кейін денесін көлге батырып жіберген", - деп жазылған мәліметте.
Айыпталуышының кінәсі өзінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді.
"Қылмыскер бұрын сотталған және жазасын түрмеде өтеген. Осыны ескере отырып, сот қылмыстардың жиынтығы бойынша Б.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова