Павлодар тұрғындары қараға боялған ескерткішке жаппай наразы болды

Павлодар тұрғындары қараға боялған ескерткішке жаппай наразы болды
Фото: видеодан алынған кадр

Павлодарда соғыс ардагерлеріне қойылған ескерткіш тақта қара түске боялды. Жеңіс алаңында жарқырап тұрған батырлардың бейнесі бір сәтте түнеріп шыға келген. Мұны көрген тұрғындар бұл — ескерткішті қорлау деп наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соғыс ардагерлеріне қойылған ескерткіш күн мен жаңбырдың әсерінен әбден оңып кеткен. Сондықтан оны жергілікті әкімдік қайта жаңартпақ болыпты. Бірақ алтын түстес бейнелерді қара түске бояп тастаған. Алайда ескерткішті қайта өңдеген мамандардың тиісті лицензиялары жоқ екен. Оның үстіне осы бейнелерді салған автормен ақылдаспаған.

Жеңіс алаңы осы көктемде абаттандырылған. Содан бері тұрғындар түнерген тақтайшаларға наразылық білдіріп келген енді. Енді шенеуніктер келер жылы батырлар бейнесін қалпына келтіреміз дейді.

"Иә, тұрғындар жаппай шағым түсірді. Енді бұл бейнелерді қайтадан, бұрынғы түсіне бояу үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірақ қолымызда қаражат жоқ. Сондықтан 2024 жылы өзгертеміз", - дейді Павлодар ТҮКШ бөлімінің меңгерушісі Әлібек Оразалин.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан