Павлодар теміржол вокзалында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды. 1976 жылы туған азамат облыс тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің мәліметінше, қызметкерлер "Тасымалдаушы" жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында станцияның теміржол вокзалында бағдарлау бойынша ер адам ұсталды.
Тексеру кезінде шартты түрде сотталған азаматтың 2023 жылғы 30 шілдеден бері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!