- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар – Семей...
Павлодар – Семей тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Павлодар – Семей тасжолында зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Жолаушылардың бірі көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
27 шілдеде Павлодар – Семей тасжолында жол талғамайтын көлік жүргізушісі "Волга" көлігімен соқтығысқан. Соққыдан "Волга" қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан көліктермен соқтығысқан, әрі қарай шұңқырға аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Волга" жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізуші мен тағы бір жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм 71 жаста болған. Зардап шеккендердің арасында 16 жастағы жасөспірім болса, екіншісі – 58 жаста.
"Қазір зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, екеуінің де есі дұрыс. 1966 жылы туған жолаушы қабырғасының сынуы және кеуде қуысының жабық жарақатымен ауруханаға түсті. Бала жарақаттар және миы шайқалуы диагнозымен травматология бөліміне жатқызылды", - деп хабарлады ведомство.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісі мас болған. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан