- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысының полицейлері...
Павлодар облысының полицейлері ата-аналарға үндеу жасады
Жыл басынан бері Павлодар облысында тоғыз бала терезеден құлап кеткен. Полиция қызметкерлері балаларды тасадан тыс қалдырмауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үздіксіз профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Полиция қызметкерлері мен басқа да мүдделі ведомстволардың ескертулеріне қарамастан, балалардың терезеден құлап кету деректері тіркеліп жатыр. Өкінішке қарай, биыл екі бала қайтыс болды, тағы жеті бала жарақат алды.
Мәселен, Екібастұз өңірінде маусым айында 3-қабаттың терезесінен құлаған жас бала қайтыс болды, тамыз айында 4-қабаттың терезесінен құлаған екі жасар бала ауруханада алған жарақаттарынан қайтыс болды. Үш жасар бала әжесінің қасында болған кезде 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілді.
Павлодар қаласында ересектер ас үйде тамақтанған кезде екі жасар бала 3-қабаттағы терезеден құлап түсті, 1,5 жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлады, анасы үлкен қызын емізіп жатқанда, 4 жасар қыз 5-қабаттағы терезеден құлады. Құлау салдарынан жарақат алған балалар ауруханаларға жатқызылды. Шілде айында Ақсу қаласында екі жасар бала бірінші қабаттың терезесінен құлады, сол уақытта әкесі дәретханаға кеткен, 1.5 жасар бала терезеден құлаған, анасы сол кезде телефон қоңырауына алаңдап, көз жазып қалған, зардап шеккен балалар ауруханаға жатқызылды.
"Еске салайық, 16 маусымынан бастап кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ата-аналар мен басқа да заңды өкілдердің жауапкершілігін көздейтін әкімшілік құқық бұзушылықтың жаңа құрамы жұмыс істейді. Аталған өзгерістер шеңберінде баланың ата-анасының қарауынсыз немесе қауіпті жағдайда болу фактілері болған кезде заңды өкілдер немесе оларды алмастыратын адамдар осы бап бойынша жаңа диспозицияға сәйкес тартылатын болады", – деді Павлодар облысының полиция департаменті қызметкерлері.
Осы жағдайларда ата-аналар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегенін ескере отырып, осыған байланысты кәмелетке толмағанның құқықтары мен мүдделерін тәрбиелеу, қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін заңды өкілдерге әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек