Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов туыстары мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтінін, тендерге қатыспайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдымен ол отбасына тоқталды.
"Менің 4 балам бар. Екеуі мектепте оқиды, екеуі - ересек. Олар университетті бітірген. Балаларым мемлекеттік қызметте емес, квазимемлекеттік секторда емес, жеке секторда еңбек етіп жүр. Олар Алматыда тұрады. Қызым тұрмысқа шыққан. Балаларым бюджеттік немесе мемлекеттік ұйымдарда ешқашан жұмыс істемеген. Жалпы менің туыстарымның ешқайсысы мемлекеттік қызметте немесе квазимемлекеттік секторда жұмыс істемейді. Олар жеке секторда тер төгіп жүр", - деді Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Облыс әкімінің айтуынша, оның 2 әпкесі, 1 ағасы бар, ал ата-анасы - зейнеткер.
"Сондықтан мемлекеттік қызметте жақын туыстарымның ешқайсысы жоқ. Олардың ешқайсысы мемлекеттік тапсырыстарға қатыспайды деп сенімді түрде айта аламын", - деді өңір басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қанша жалақы алатынын журналистерге әрең айтқан еді.
Аяз Есен
Тағы да оқи отырыңыздар: Көпбалалы отбасыларға қандай жәрдемақы беріледі?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!