- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұз туралы
Павлодар облысының әкімі: Екібастұз станциясына қауіп төніп тұрған жоқ
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласындағы МАЭС-1-ге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір әкімі кейінгі аптада Екібастұздағы МАЭК-1-ге барғанын айтты.
"Станциядағы жағдаймен таныстым. Менімен бірге "Самұрық Энерго" АҚ басшылары болды. Нысанды тәуелсіз сараптамалық компания зерттеп, қорытынды жасады. Қазір станцияның жұмысына қауіп төндіретін ештеңе жоқ", - деді әкім.
Шенеуніктің сөзінше, №1 түтін құбырының ішкі жағына керамзит кірпіштер құлаған.
"Негізгі түтін құбырының монолит құрылымы зардап шеккен жоқ, жұмыс істеп тұр. Қазір сол жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қыстың соңында станцияда №1 түтін құбырын күрделі жөндеу жұмыстары басталады", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда 1-МАЭС станциясынан ақау шыққаны хабарланды. №3 энергоблокты тоқтатуға мұржаның жан-жағынан қара түтіннің будақтауы себеп болған. Тұрғындар желіде видеоларын да жариялады.
Кейін Энергетика министрлігі жағдайды түсіндірді. Ведомство бұл тұтынушыларды электрмен және жылумен жабдықтауға еш әсерін тигізбейтінін хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова