Павлодар облысының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды.
"Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
Сқақовтың орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
"Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!