- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысындағы төтенше...
Павлодар облысындағы төтенше жағдай: іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр
"Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, опырылған жерде әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр.
Құтқарушылар қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар.
"Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды.
Оқиға орнында барлығы 97 адам және ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, "103" қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданындағы "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті. Автобустың ішінде төрт адам болды: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова