Павлодар облысындағы жол апатынан бес адам жанып кеткен

Павлодар облысындағы жол апатынан бес адам жанып кеткен
Фото: Видео кадры

Павлодар облысында полиция жантүршігерлік жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала деректер бойынша 23 қыркүйекте Павлодар-Қызылорда тасжолында, Байет ауылынан 5 шақырым жерде Toyota Lucida көлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, Sitrak жүк көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Toyota көлігі өртенді", - деді полиция.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget