Павлодар облысындағы дәмханадағы өрт: 13 газ баллоны шығарылды

Павлодар облысындағы дәмханадағы өрт: 13 газ баллоны шығарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Павлодар - Астана трассасында орналасқан дәмханалардың бірінде 40 шаршы метр алаңда өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарылыстың алдын алу мақсатында әрқайсысының көлемі 50 л болатын 13 газ баллоны шығарылды.

Өрт бірнеше минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан