Павлодар облысындағы балабақшалардың бірінде сотталғандар жұмыс істеген
Железин ауданының балабақшалары мен мектептерінде ауыр қылмыстары үшін сотталған адамдар жұмыс істеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ, психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызметін жүзеге асыру дерегі анықталды.
Мысалы, балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.
Бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды, бұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған.
Железин ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде адамдар жұмыстан шығарылды, ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.
Жалпы, 500-ден аса кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек